Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл қабір Сара Назарбаеванікі емес 2024-те қайтыс болған басқанікі: Әкімдік шұғыл мәлімдеме жасады

17:40, 19 мамыр 2025 2125

Желіде Назарбаевтар отбасының әулеттік зиратындағы жаңа қабір туралы фото мен ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

БАҚ-та бұл жуырда жерленген Сара Назарбаеваның қабірі болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Қарасай ауданының әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Әкімдіктің мәліметінше, Шамалған ауылындағы Назарбаевтардың әулеттік зиратында 2024 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған басқа адам жерленген.

«Жерлеу діни рәсімдер мен дәстүрлерге сәйкес жүргізілді. Қазіргі уақытта қабірде жазулар мен тақтайша орнатылмаған, алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын күндері белгітақта орнатылады», – делінген әкімдік берген жауапта.

Сонымен қатар, Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпиталь тілшінің сұрауына тағы да жауап беріп, Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін растады.

Қазір ол Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр.

Ұлттық госпиталь дәрігерлік құпияға жататын мәліметтер – диагноз бен науқастың жағдайы туралы ақпарат жария етілмейтінін еске салды.

«Ақпаратты жарияламау туралы шешім тек пациенттің өз мүддесін, оның жекелік өмірге құқығын, ем алу процесіне бөгде араласудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», – деп нақтылады Ұлттық госпиталь өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар