Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл күнде психологияны білу өте-мөте бала оқытушыларға керек» - Әлихан Бөкейхан Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» еңбегі жайлы

21:55, 08 мамыр 2024 416

Жүсіпбек Аймауытұлы. Психология. Ташкент, 1926 жыл. 375 табақ бет. Нарқы 1 сом 33 тиын. Тиражы 2000. Суреттері бар.

Бұл күнде психологияны білу өте-мөте бала оқытушыларға керек. Психологияға ескі көзқарас қартайды. Жаңа көзқараспен толық жазылған кітап орыс тілінде де жоқ. Жүсіпбек психологияға жаңа көзқарастарды да жазған. Мұндай кітапты орыс тілінде оқу үшін біраз білім керек. Қазақ тілінде оқу үшін одан да гөрі білім керегірек, Жүсіпбек кітабын шама келгенше жеңіл тілмен жазған. Мұндай кітапты жеңіл тілмен жазуға өте зор ұсталық керек. Мағынасы терең нәрсені қанша жеңіл тілмен жазсаң да, жайлап, асықпай ойланып оқуды керек қылады. Солай оқыса бұл кітаптан оқытушылар көп пайда алады. Кітапта орнықпаған бір-біріне қарсы ойлар кездессе, оған әрине жазушы жазықты емес, психология білімі басқа білімдердей таластан шыға алмай жатқандығы жазықты.

Оқытушылар білімін толықтыруға кітаптың зор пайдасы бар.

Қарамына қарай нарқы да, орасан қымбат емес. Басылуы тәуір.

Қыр баласы

«Кітап сыны» мақаласынан

«Әйел теңдігі» журналы, 1927 жыл, №10-11 (22-23). Мәскеу

Дереккөз: Бөкейхан Ә. Шығармалары. XIV том.-Астана, 2018

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар