Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл әлі де Назарбаевтың ықпалы күшті екенін білдіреді". Самат Әбіштің шартты жазамен сотталуына қарсылық

12:03, 26 наурыз 2024 420

Өткен аптада Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты. Ол небәрі 8 жылға шартты түрде сотталды. Бұл үкім қоғамда белсенділердің де, қарапайым азаматтардың да наразылығын туғызғаны белгілі.

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек те бұл шешімді "ұят тірлік" деп санайды.

"Шынын айтқанда, екі жақта текетірес бар шығар. Қоғамдағы үмітті солайымен жойып жіберді. Кәрім Мәсімов сотталады деді. Оның өзі сотталып жатыр ма?! Серікжан Мәмбетәлиннің жақында жазған посты бар. "Шын мәнінде зонада жатыр ма, басқа ма?" деп. Ішкі істер министрі "оны көрсетпейміз" дейді. Неге көрсетпейді? Қай жерде отыр? Көрсін. Біріншіден, ол сабақ болады", - деді белсенді Barys Media-ға берген сұхбатында.

Журналистің сөзінше, Самат Әбіштің оқиғасы Қазақстанда әлі де Назарбаев ықпалы күшті екенін көрсетіп отыр.

"Самат Әбішті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі болғаннан кейін, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін, онда да Ысқақ деген азамат "Самат Әбіштің бұйрығын орындадым" деген мәлімдеме жасады деген соң қылмыстық іс қозғайды. Кәрім Мәсімовтің 4 бірдей орынбасарын 18 жылға дейін соттап жібереді.

Ал бұған Бишімбаев сияқты артықшылық (берілді - еск.), 8 жылға жай ғана шартты түрде (соттады - еск.). Бұл әлі де Назарбаевтың ықпалы күшті екенін білдіреді", - деді Дина Елгезек сұхбатында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар