Отандық эстрада жұлдызы Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, оқырмандарына жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қызы Ажардың биыл бес жасқа толғанын хабарлады.
«Ажартай бұйырса бүгін беске толды. Дені сау, бағы маңдайында болсын! Таудай талабы да болсын! Сені берген Аллаға мың шүкір. Шүкіргүлім-Майқұйрығым…» – деп жазды әнші.