Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің туған күні

09:58, 24 мамыр 2026

Бүгін – Қазақстанның Халық әртісі, жезтаңдай әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні, деп хабарлайды Alash.kz.

Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында, Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткерлері Қанат пен Светлана Айтбаевтардың шаңырағында дүниеге келген. Атасы мен әжесінің жекеменшік ұлы жастайынан ән мен өнерге сусындап өскен. 

2012 жылы «Жас Қанат» байқауының жеңімпазы атанды. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алды. 2017 жылы Қытайда әйгілі  «Мен әншімін» байқауында бақ сынады. «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған. «ABU TV song»халықаралық фестиваліне қатысты. 

Димаштың жер жүзінде миллиондаған жанкүйерлері бар. Олар өздерін DEARS деп атайды. Сүйікті әншісіне арнап, планета атауын бергеннен бастап, арнайы радио ашып, түрлі жанкештілікке барады. 

2017 жылдан бастап, бүгінге дейін қазақтың Димашы Лондон, Нью-Йорк, Мәскеу сынды әлемнің алпауыт қалаларында жүздеген жеке кешін берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар