Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін - қазақ тілінің шын жанашыры Асылы Османның туған күні

18:16, 13 тамыз 2024 719

Бүгін қоғам қайраткері, Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асылы Османның туған күні, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

1969-1993 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, ба7сқарма бастығы. «Тұран» Әзербайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан бері зейнет демалысында.

Алматы облысы әзербайжан этно-мәдени орталығының төрайымы, «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің жетекшісі, қазақ тіліндегі көптеген ғылыми кітаптар мен сөздіктердің авторы. Баспасөзде 200-ден астам ғылыми және аударма мақалалары жарық көрді. «Синонимдік етістіктердің семантикалық-стилистикалық қызметі» (1991), «Қазақша-түрікше-орысша сөз тіркесі» (1994), т.б кітаптардың авторы.

«Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Тіл жанашыры», «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар