Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін Назарбаев тағы бір мәртебеден айырылды: Жас бала оның картинасын “аямай соққыға жықты”

20:11, 24 шілде 2024 740

Қазақстанның бұрынғы президенті тағы бір атағынан айырылды.

Назарбаев Қазақстан Ғылым академиясының академигі мәртебесін жоғалтты.

Бұл туралы бүгін өткен брифингіде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ғылым және жоғары білім министрі академик мәртебесін беру бойынша өзгерістер туралы айтты. Оның айтуынша, қазір Қазақстан Ғылым академиясы "қайта ретке келтіру" кезеңінен өтіп жатыр.

"Қазір бізде РПО (Республикалық қоғамдық бірлестігі) жұмыс істеп жатыр. Былтыр Президент шешімімен жаңадан Ғылым академиясы құрылды. Ол біріншіден, Президент жанында, мемлекет тарапынан қаржыландырылады", - деді министр онлайн брифингіде.

Сондай-ақ, бүгін желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың портретінің үстіне секіріп, оны "таяқтың" астына алып жатқан видео тарады. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар