Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

01 наурыз 2024 268

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады.

Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.

Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады.

Олар: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».

Премьер-лиганың матчтарын Qazsport, Qsport пен жаңа ашылған Qfootball телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Әзірше алғашқы 6 турдағы ойындардың басталу уақыты белгілі, ал қалған турлардағы матчтардың басталу уақыты туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, ойындардың толық күнтізбесін Telegram-арнасынан немесе qfl.kz сайтынан көруге болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?