Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бүгін біз некеге тұрдық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қайта үйленді

18:42, 29 қазан 2026

Қазақстандық актер әрі продюсер Дархан Мұсаев екінші рет шаңырақ көтеріп, заңды некеге тұрғанын жариялады. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп жазады Alash.kz

Актер неке куәлігіне қол қойып жатқан сәтінен бейнежазба жариялаған. Алайда жаңа жарының жүзін көрсетпей, оның кім екенін әзірге құпия ұстауды жөн көрген.

«Қайырлы күн, достар! Бүгін сіздермен тағы бір жаңалығымды бөліскім келеді. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан ғой. Бүгін біз некеге отырдық. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші! Барлықтарыңызға Алла жар болсын. Неке куәлігін алдық», – деді Дархан Мұсаев.

Актердің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желі оқырмандары оған ақ тілектерін жаудырып, жаңа отбасына бақыт пен береке тіледі. Көпшілік жас жұбайларға ұзақ ғұмыр, татулық пен баянды махаббат тіледі.

Дариға Бадықовамен 16 жыл бірге өмір сүрген

Дархан Мұсаев көпшілікке актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы ретінде де таныс. Бұған дейін екеуі ұзақ жыл отбасылы болып, бірге шығармашылық жобаларға қатысқан. Олардың некесі 2008 жылы қиылған. Кейін актердің мәлімдеуінше, жұп 2024 жылдың күзінде екі жаққа кеткен. 

Дариға Бадықова да биыл жеке өміріндегі жаңалығымен көпшіліктің назарын аударды. Қазан айында актрисаның актер әрі әнші Олжас Абаймен шаңырақ көтергені туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. 

Осылайша, бұрынғы ерлі-зайыптының екеуі де жеке өмірінде жаңа кезеңге қадам басқан. Дегенмен Дархан Мұсаев жаңа жарының есімін жариялаған жоқ. Оның үйлену тойына қатысты өзге мәліметтер де әзірге белгісіз.

Айта кетейік, актерлік өнермен қатар продюсерлікпен айналысатын Дархан Мұсаев соңғы уақытта кино жобаларына да көңіл бөліп жүр. Ал оның жаңа некесі туралы хабардан кейін желі қолданушылары өнер иесіне ізгі тілектерін білдіруді жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар