Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бөтен баланы күштеп алып кетпек болған»: Ақтөбелік бойжеткеннің әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)

12:52, 27 сәуір 2026

Ақтөбе қаласының Нұр-Сити шағын ауданында белгісіз бойжеткеннің бөтен балаға жақындап, оны белгісіз бағытқа алып кетпек болған әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады Alash.kz. 

Оқиға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында орын алған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастап, күдіктінің тұлғасын анықтады.

Куәгерлер мен желіде тараған мәліметтерге сәйкес, бойжеткен аулада ойнап жүрген бүлдіршінге түрлі әшекей бұйымдар беремін деп уәде берген. Бейнежазбада екеуінің біраз уақыт бірге жүргені, алайда жақын маңда тұрған автокөлікке таяған сәтте баланың қарсылық көрсетіп, қашып кеткені анық көрінеді. Бұл жазбалар істің мән-жайын ашу үшін полицияға ресми түрде айғақ ретінде тапсырылды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын және қазіргі уақытта тергеу бөлімінде жауап алынып жатқанын растады. Мамандар оқиғаның себептерін, бойжеткеннің нақты ниеті мен мақсатын анықтау үстінде. Барлық қажетті процестік іс-қимылдар аяқталғаннан кейін оның әрекетіне тиісті заңды баға берілмек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар