Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева келіні жайлы айтып, өз пікірін бөлісті, деп жазады Alash.kz.
"Келін мен қызға деген махаббаттың айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Ол табалдырықтан аттаған сәттен бастап, өз қызыңдай болып кетеді. Қызыңа қандай ақыл айтсаң, келініңе де сондай ақыл айтасың. Барлығының жақсы болғанын қалайсың. Әрине, келін – келін, қыз – қыз, бірақ ана болған соң бөтен бала болмайды. Қызымды қалай жақсы көрсем, келінімді де солай жақсы көремін. Бірдеңе айтсам, тек жақсылығы үшін айтамын. Кейде "ренжіп қалма, бірақ мен айтуым керек. Ертең ол өзіне керек болады” деймін. Маған да кезінде енем мен анамның айтқан ақылдары әлі күнге дейін көмектесіп келеді", – деді Динара Майғазиева.