Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бос мақтануды ғана білеміз". Президент кеңесшісі танымал зілтеміршінің күзетші болып жүргеніне қынжылды

10:38, 04 тамыз 2024 1384
Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақов ұлттық спорттағы соқталы мәселелерді сөз етіп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешев қазір күзетші болып жұмыс істеп жүргеніне қынжылды. Бос мақтан қуып, нақ шебер спортшыларымыздың бағаламай жатқанымызды жазды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Бұл жайлы автор:
Қара нар жүк көтермес, бел кеткен соң-деп қазақ бекер айтпайды. Алмас бауырым:”Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қынжылам”- деп сұхбатында әбден ағынан жарылыпты.
Айтқанының бәрі рас. Өкпесі орынды баланың. Мемлекеттің туы, өзге елде, екі жағдайда көтеріледі, алғашқысы, Мемлекет басшысы барғанда, соңғысы спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтерілгенде.
Алмас қарапайым көп қарадомалақтардың бірі емес. Қоржынға жүлде салатын әлемнің додаларында, қазақтың көкбайрағын көтерген, піл табан, апайтөс, тау көтеріп, мойнына күміс ілген Толағайымыз-еді ғой…..
 
Спорттан кеткен соң: “Иттен әрі, кісіден бері”- күйі мынау. Ең болмаса зіл темір көтеретін жас буынға ақылын айтып, тәжірбиесімен бөлісуге жарар еді ғой. Оны қаперіне алып жатқан спорт басшылығы жоқ. Өкінішті…..
Біз сағым қуалап, бос мақтанның соңында кеткенімізге қанша жылдар болды?… Жүлде алса жүйрігім-дейміз. Табаны тайса, бұл тағдырдың бұйрығы-деп тез ұмытамыз ту көтерген тау тұлғаларымызды…….
 
Өкініштісі, бүгінде барлық салада осы үрдіс қайталануда. Қызметтен кетсе, зейнетке шықса, тұғырынан тайса біз адам іздемейтін болдық. Өкпе жиналса, әсер етеді көпге-деген сөздің де мағынасын ұмытпайық ағайын…..,
Батыр Маханбеттің:”Мен бір алмас қылышпын, қайрауын таппай кетілген. Қайраса қайта жетілген”- деген сөзінің астарында мәні бар ағайын.
Қайрауын таппай кетілген, қаншама Алмас қылыштай азаматтарың жүр ортаңда. Қайрасаң қайта жетілмей ме?
Жауға салар жаужүректердің басын бітпес дауға салып қойдық. Желдің өтінде, елдің шетінде жылқы бағатын жігерлі жігіттерге, қой емес, қозы баққызғанымызда қорлық емес пе? Оларға…..
“Құм жыйылып тас болмас. Құл жыйылып бас болмас”- деген. Әшейінде ауыз жаппай, бүйте берсек, жау келгенде адам таппай жүрмейік… - деп жазды.
 


Нақтылай кетейік, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешев қазір күзетші болып жұмыс істеп жүргенін айтқан болатын. 
"Қазақта "Ердің басына күн туса, етігімен су ішер" дейді ғой. Қазір соны бастан кешіріп жатырмын. Көтерілсең бәрі қолпаштайды, бір сүрінсең бәрі жек көріп кетеді. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 килограмды көтере салу деген оңай емес. Допинг деп жатады, бірақ ондай салмақты басыңнан асыру оңай емес. Соны көтердік. Қазір омыртқамның төрт жерінен жарам бар. Не айтамын, қазақ халқын жақсы көремін, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сүрінсең қасыңда ешкім болмайды екен. Сол қорлыққа шыдамай Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Альберт Линдер де арамыздан ерте кетті. Кезінде үкімет бізді пайдаланды. Туды көтердік. Одан кейін ешкім болмай қалдық. Неге олай? Денсаулығымызды бердік, омыртқадан омыртқа, тізеден тізе қалмады", - деді спортшы
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар