Әнші Мақпал Жүнісова өз домбырасына 59 мың теңгеге билет алғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады.
Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бордқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі.