Астанада өткен “Қайрат” пен бельгиялық “Брюгге” арасындағы футбол матчында шетелдік жанкүйерлердің ерсі қылығы елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды Alash.kz.
Үш шетелдік азамат стадионда киімдерін шешіп тастап, “Борат” фильміндегі атышулы жасыл шомылу киімімен қалып, көпшіліктің назарын аудартқан.
Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу және айналадағыларға құрметсіздік таныту ретінде бағаланды. Тәртіп сақшылары заң бұзушыларды бірден ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, жинақталған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша шетелдіктер уақытша ұстау орнына қамалды.