Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бомжсың”: Атырауда блогерлер келемеждеген күзетші қан қысымы көтеріліп қайтыс болды

11:46, 29 тамыз 2024 851

Атыраудағы "Мемлекеттік сараптама орталығының" күзетшісі өздерін блогер деп атаған жандардың кесірінен көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Massaget.kz мәліметінше, мемлекеттік мекеменің 56 жастағы күзетшісі Хәкім Иманиязовқа өздерін блогер деген келушілер ауыр сөз айтқан.

Салдарынан күзетшінің денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Ал бірнеше аптадан кейін ол қайтыс болды. 

Адвокат мәліметінше, "блогер" мемлекеттік мекемеге кірмек болған, бірақ күзетші турникеттен өтуге рұқсат бермеген. Олар ғимаратта өрт қауіпсіздігі саласындағы бірқатар заңбұзушылықты көргенін айтып, мекеменің сыртында еліміздің туы ілінбегенін алға тартқан.

"Мына жерді қарағаңыз, заң бұзылып тұр. Ту жоқ, дым жоқ. Сәлеметсіз бе, іште кім бар? Бізге басшы керек. Өрт сөндіретін құрылғылар да істемейді. Ашық қой, кіре беруге болады. Сіз кімсіз? Қолым-ай. 102 шақырыңдар. Кімсіз өзі? Маған жала жапқаныңыз үшін арыз жазамын. Қолыңды тарт!" - дейді видеодағы әйел. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар