Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Болды. Қазір, өліп қалады!” - Жаңаөзендік оқушы қыздардың төбелесі елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

11:00, 24 қазан 2025 176

Жаңаөзен қаласында оқушы қыздардың арасындағы жанжал әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Alash.kz.
Видео кадрларында бір қыздың соққыдан кейін есінен танып, жанындағы құрбыларының “Болды, қазір өліп қалады” деп айқайлаған сәті көрініс тапқан.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдай толық бақылауға алынған. Қақтығыс сабақтан кейін, кешкі уақытта болған.

Полиция бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғады. Оқушы қыздардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оқиға кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда жеке қаралады.

Білім басқармасы оқиға туралы дер кезінде хабарламаған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылатынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар