Болат Назарбаевтың сенімді серігі 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Елдос Қоспаев пен оның серіктеріне сот үкімі шықты. Іс бойынша 11 адам айыпталды.
Елдос Қоспаев мүлкі (пәтерлері, жер учаскелері, мемлекеттік және кәсіпкерлік мекемелері) тәркіленіп, 15 жылға сотталды.
Айта кетейік, 2023 жылы Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, рейдерлікпен айналысқаны үшін Кипрде ұсталған еді. Қоспаев пен қылмыстық тобы ұзақ жылдар бойы заңсыз жолмен 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер учаскесі, 35 премиум автокөлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша алған.