Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Болат Назарбаевтың "Бурабай" ұлттық паркіндегі жерлері мемлекетке қайтарылуы мүмкін

Болат Назарбаевтың "Бурабай" ұлттық паркіндегі жерлері мемлекетке қайтарылуы мүмкін

Ақмола облысында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жер теліміне қатысты даулы мәселе туындап отыр. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті "КИК-Астана" ЖШС-мен жасалған жер пайдалану шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бұл туралы Alash.kz тілшісі Nege.Aqsha Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот ісіне аталмыш компаниямен қатар Болат Назарбаев, сондай-ақ Нұрбол, Ханболат, Хантөре және Альбина Назарбаевалар да жауапкер ретінде тартылған. Сонымен бірге Бурабай аудандық жер қатынастары бөлімі де көрсетілген.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, бұл іс аймақтық прокуратураның ұсынысы бойынша қолға алынған:

"Бурабай ұлттық табиғи паркі аумағында заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстың аясында департамент тарапынан "КИК-Астана" ЖШС-не қатысты сотқа талап-арыз берілді. Алайда сот арызды қосымша материалдарды тіркеу үшін кері қайтарды. Қазіргі таңда сол материалдарды толықтырып, талап-арызды қайта тапсыру жұмысы жүріп жатыр", – делінген ресми жауапта.

"КИК-Астана" ЖШС бұған дейін "Үш Қоңыр Б.Н." деген атаумен белгілі болған – бұл Болат Назарбаевтың аты-жөнінің қысқартылған нұсқасына сәйкес келеді. Ол кезде компанияның құрылтайшысы тікелей өзі болған, ал басшылық құрамында оған жақын адамдар тұрған.

Қазір бұл компания Global Apartments Ltd компаниясына тиесілі. Оның қазіргі иелері – Ерболат Жақсылықов пен Эдгар Салдузи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар