Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болат Назарбаев туыстарының үйін" полиция тергеп, шұғыл мәлімдеме жасады

19:09, 14 қараша 2025 156

14 қарашада Алматы облысы, Қарғалы ауылында "Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деп айтылған үйді полиция тергеді, деп хабарлайды Alash.kz.  

Тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желіде "үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деген ақпарат айтылған.

"Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейді көргенін айтты", - деп жазды желі қолданушылары.

Алматы облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдар құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар