Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болашақ министр". 23 елдің туын танып, қағілездігімен көзге түскен бүлдіршін жұртты сүйсіндірді (видео)

08:15, 16 қараша 2024 217

Әлеуметтік желіде Қайдар Қанат есімді бүлдіршіннің видеосы тарады. Видеода ол жиырмадан астам елдің туын мүдірмей жатқа айтады. Желі қолданушылары баланың қазілездігі мен алғырлығына тәнті болды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Әлеуметтік желіде елдің ықыласына бөленген Қайдар Қанат есімді 4 жастағы бүлдіршін 23 елдің туын жатқа айтты. Ол анасының нұсқаған байрақтарын бірден таниды.

Бүлдіршін Өзбекстан, Қытай, Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Чехия, Грекия, АҚШ, Канада, Италия, Түркия, Мальдив аралдары, Швеция, Испания,Мексика, Беларусь, Оңтүстік Корея, Германия елдерін атап өтті.

Бір қызығы, Қырғызстанның туын көргенде Қайдар “Қазақ-қырғыз бір туған” деп айтып қалды.

Бүлдіршіннің тәтті тілі мен алғырлығына сүйсінеген көпшілік баланың кейбір ересектерден де ақылды екенін айтып жатты.

“Өзі ақылды”, “Мынаның көбін мен білмеймін”, “Швейцарияның туын дәріхана деп едім”, “Неше жоғары білімі бар?”, “Жаттап алу керек еді, мына баладан ұят болды”, “Болашақ сыртқы істер министрлігі”, “Қазақ-қырғыз бір туған” деген тіліңінен”, “Отырысының өзі бөлек қой”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар