Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Болашақ чемпиондарды даярлайды”: Сүйінші! Болат Жұмаділов бапкерлік қызметке кірісті (ВИДЕО)

15:42, 01 қыркүйек 2025 569

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Жұмаділов Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне бапкер ретінде жұмысқа тұрды. Қуанышты жаңалықты спорт журналисі Аслан Қаженов желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Елімізге танымал кәсіпкер, спорт жанашыры Махат Төрәлі даңқты боксшымыз Болат Жұмаділовке қолдау танытып, тұрақты жұмыс тауып берді. Яғни, Болат ағаммыз бұдан былай елорда төріндегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде бапкер ретінде жұмыс істеп, жоғары деңгейде жалақы алады. 800 шаршы метрлік заманауи бокс залында болашақ чемпиондарды даярлайды. Құтты болсын! Осындай мүмкідік беріп жатқан Махат Төрәліге мың алғыс!“,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар