Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болашақ" бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамай сотта шешімін тапты

19:51, 19 маусым 2024 425
19 маусымда "Болашақ" халықаралық стипендиясын өндіріп алу туралы іс бойынша тараптар татуласты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп. 

Астана қалалық соты ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына жайттар анықталды:

  • "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттың кепілгерлері В. және Д.-ға қатысты талап арызбен сотқа жүгінді.
  • Іс материалдарынан Г.-ға Ұлыбританияда оқу үшін стипендия тағайындалған.
  • Халықаралық стипендия иегері 2016-2017 жылдар аралығында оқудан өткен.
  • Грант бөлу туралы Шартқа сәйкес оқудан кейін жұмыс берушіде немесе басқа ұйымда алған мамандығы бойынша кемінде 5 жыл үздіксіз жұмыс істеу міндеті көзделген.
  • Алайда, 2019 жылдың шілдесінде стипендиат Г. Ұлыбританияға кетіп, 2019 жылдың тамызынан бастап шарт бойынша келісілген талаптарды орындамай халықаралық компанияда жұмыс істеуде.
  • Орталық комиссиясының шешімімен стипендиат Халықаралық стипендиядан айырылып, оның аталған орталық алдындағы берешегі 28,7 млн теңгені құрайды.
  • Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен В. Және Д. борышкерлерден (кепілгерлерден) орталықтың пайдасына 28,5 млн теңге мөлшерінде берешек өндірілді.
"Апелляциялық сатыдағы бірінші отырыста алқа тараптарға істі бейбіт жолмен (медиациямен) аяқтау құқығын түсіндірді және қарау қорытындысы бойынша Астана қалалық соты алқасының көмегімен тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша стипендиат Г. "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы алдындағы берешекті өз еркімен өтеуге міндеттенді", делінген хабарламада.

Сот алқасының қаулысымен іс медиативтік келісім бекітумен аяқталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар