Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Болашақ» бағдарламасы жабылса, біз 2040-2060 жылдары мемлекетті көтеретін буынның тамырына балта шабамыз - Самат Нұртаза

15:43, 03 маусым 2024 576

Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза «Болашақ» бағдарламасы айналасында болып жатқан шуға қатысты пікір білдіріп, бағдарламаны жабуға «түбегейлі қарсы» екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Көргенсіз, пейілі таза еместер кездеседі»

«Болашақ» бағадарламасына біраз шабуылды әлеуметтік желіде байқап қалдым. Президент бағдарламасымен оқыған 3-4 қылмыскерлер мен жемқорларды алға салып, бағдарламаны жабуды талап ететін азаматтарды көзім шалып қалды.

Айтайын дегенім, «Болашақ» бағдарламасының арқасында талай кедей және орташа отбасыдан шыққан жастар шетел көрді, білім алды, мемлекеттік секторда орта деңгейінде қызмет етіп, Елге пайдасын келтіріп жатыр деп жазды Ulysmedia.kz.

Әрине қоғам болған соң, студенттердің арасында да жауапсыз, көргенсіз, пейілі таза еместер кездеседі. Алайда сол 3-4 адам үшін бүкіл бағдарламаны жабуға түбегейлі қарсымын, - дейді ол.

Депутат Еуропа мен АҚШ, Канада мен Қытайда білім алуға қазақстандықтардың 80 пайызының қалтасы көтермейтінін, салдарынан ғылыми прогресс пен дүниежүзілік бәсекелестіктен артта қаламыз деп отыр.

«ТМД мемлекеттерінде ондай бағдарлама жоқ»

Егер «Болашақ» бағдарламасы жабылса, біз 2040-2060 жж мемлекетті көтеретін буынның тамырына балта шабамыз. Европа мен АҚШ, Канада мен Қытайда білім алуға 80% қазақстандықтардың қалталары көтермейді, нәтижесінде ғылыми прогресс пен дүниежүзілік бәсекелестіктен артта қаламыз. Әрине бүгінгі буын ол қатерді сезінбей өтеді, қиналатын сол немерелеріміздің буыны.

Тоқ етері, «Болашақ» бағдарламасына талаптарды күшейтіп, іріктеу процессін қатаңдатып, бірақ жастарды жіберуді тоқтатпау керек. ТМД мемлекеттерінің арасында ондай бағдарлама жоқ, не болып жатқанын көріп отырмыз. Өз сорпасына өздері малынып отыр. Жаһандану процессіне есе жіберуге болмайды. Айтарым осы, - дейді Самат Нұртаза.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар