Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бөксемді ұстады". Автобуста бойжеткенге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған астаналық ер адам ұсталды

20:44, 17 қазан 2026

Астанада қоғамдық көлікте бойжеткенге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған 46 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Оқиға туралы бойжеткен Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Оның айтуынша, автобустағы ер адам оған әдейі тиісіп, денесіне қолын тигізген.

«Бөксеме бір нәрсенің үйкелгенін сездім. Артыма бұрылып қарасам, оның қолын көрдім. Бұл автобустағы адам көптігінен болған кездейсоқ жанасу емес еді. Ол мені сипалап тұрды. Мен бірден бұрылып, одан алшақтадым да, оған: “Ұятсыз!” дедім», – деп жазған бойжеткен.

Ол жазбасында оқиға кезінде айналасындағы адамдардың әрекетсіз қалғанын айтып, бұрынғы жағымсыз тәжірибесіне байланысты полицияға жүгінуге де сенімсіздік танытқанын жеткізген. Соған қарамастан, болған жағдайды жария етуді жөн көрген.

Әлеуметтік желідегі жарияланымға жүргізілген мониторинг барысында құқық қорғау органдары оқиғаға назар аударған. Тексеру нәтижесінде 46 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар