Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді

Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады, деп сүйінші сұрайды Alash.KZ.

Олимпиада комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин:

"ХОК-ның боксты Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына қосу туралы шешімі – World Boxing пен бүкіл Олимпиада комиссиясының мақсатты жұмысының көптен күткен нәтижесі.

Бұл – мыңдаған спортшының арманын сақтап қалу деген сөз", - деді.

 Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Нақтырақ айтқанда, бокста үдемелі реформалардың жоқтығы мен IBA-ның ресейлік "Газпром" компаниясына тәуелділігі ХОК-тың алаңдаушылығын тудырған болатын.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар