Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бойдақ, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар». Ерке Есмахан елге ақыл айтты

14:38, 18 тамыз 2024 420

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында ағынан жарылып, тұрмыс құрудың жай-жапсарын талқылады. Ол екінші рет тұрмысқа шығу мәселесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттқ порталы.

Ерке Есмаханға тыңдармандарының бірі төмендегідей сауал жолдап, пікірін білмекке ұмтылды:

«Ажырасқаннан кейін күйеуді қалай табуға болады? Сенудің өзі қиын».

Ерке Есмахан тыңдарманының сұрағына былайша жауап берді:

«Неге сенудің өзі қиын? Мен мысалға ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған күйеу для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, аялайтын, қалай бар, солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме өзім сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым.

Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз.

Тұрмыстамын немесе тұрмыста емеспін деген статус емес бастысы, бастысы бақытты болу», - деп жазды Ерке Есмахан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар