Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогерлер Айым Алтынбекова, Әлия Әшім, Айжұлдыз Адайбекова жарнамалаған - Ағылшын тілі курсы орталығынан дау шықты (ВИДЕО)

19:28, 18 маусым 2026

Әлеуметтік желілерде бірқатар танымал блогерлер жарнамалаған ағылшын тілі курсына қатысты тұтынушылардың шағымдары көбейіп жатыр, деп жазады Alash.KZ

Көпшілікке Aeka Posh лақап атымен танымал Айым Алтынбекова, журналист Әлия Әшім, дизайнер Айжұлдыз Адайбекова және басқа да блогерлер насихаттаған курсқа қатысты пікір білдіргендердің бірі – желі қолданушысы Нұрлыбай Әйгерім.

Оның айтуынша, курс жарнамада көрсетілгендей сапалы қызмет ұсынбаған.

«Блогерлердің ұсынысына сеніп, осы курсты сатып алдым. Қазір орталықтың Instagram парақшасы жоқ, алайда TikTok-тағы жарнамалары әлі де жарияланып жатыр. Бұл – “Alem” деп аталатын ағылшын тілін оқыту орталығы. Мен сияқты осы жарнамаға сеніп, ақша төлеген адамдар қанша екені қызық. Егер сіз де осы курсты пайдаланған болсаңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Пікірлердің оң немесе теріс болуы маңызды емес, бастысы – шынайы болуы», – деп жазды ол.

Пікір қалдырған басқа қолданушылардың арасында да аталған курсқа көңілі толмағандар бар. Кейбірінің сөзінше, оқу орталығы курс ақысын қабылдағанымен, уәде етілген сабақтар толық көлемде өткізілмеген. Тіпті, кейбір тұтынушылар сабақтардың мүлде болмағанын алға тартып отыр.

Қазіргі уақытта оқу орталығы тарапынан бұл шағымдарға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар