Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен жолыққанда әйелінің қалай рұқсат бергенін айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.
Айта кетейік, блогер кішкентай қызға Астанадан үй мен салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді.
“Барлығының басты сұрағы осы екен. “Дари қалай қабылдады?” деп менен сұрап жатқандар көп. Негізі ұзақ әңгіме. Бірақ қысқа-нұсқа айтып берейін. Қыз бала болғасын мұндай жағдайды қабылдау өте қиын. Бірақ, Дари осы күнге дейін тек менің жағымда болды. Кітабымда жазамын ба, әлде роман жазу керек пе, ол жағын әлі ойланбадым. Бірақ, бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталаймын, Дари секілді мені түсінетін адам жоқ?!”, – деді блогер.