Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогер “жетім бұрыш” жанында жұмыс іздеп тұрған жігіттерді ерекше қуантты (ВИДЕО)

11:39, 25 қазан 2024 627

Әлеуметтік желіде “жетім бұрыш” деп аталып кеткен жерде жұмыс іздеп тұрған ер-азаматтарымызды белді блогерлердің қыдыртып, қолдарына ақша берген видеолары тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл блогерлер Zigi-Zagi сусынын шығарушы жандар екені анықталды. Олар жұмыс іздеп тұрған ер адамдардың қасына барып үш адамды алып кетті. Артынша оларды бассейнге, массажға, спа-салонға апарып, демалтқан. Кейін қолдарына ақша беріп, шығарып салған.

Желі қолданушылары блогерлерге алғыстарын айтып, қолдау көрсетіп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?