Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біздің ішкі ісімізге араласпаңыз": Қырғызстан президенті қазақстандық блогер орыс қызына жауап берді (ВИДЕО)

09:55, 23 мамыр 2024 1022

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық блогер Анастасия Ахметованың Ыстықкөл аймағындағы уранды игеру туралы мәлімдемесіне жауап ретінде видео үндеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Kaktus.media сайтының хабарлауынша, бұған дейін блогер өзінің TikTok видеосында саясаттанушы, Еуразиялық аналитикалық клубтың жетекшісі Никита Мендковичтің «инсайдерлік ақпаратына» сілтеме жасап, ол «Ротшильдтердің француздық бөлімшесі уран өндіру құқығын алуға ынталы» деп мәлімдеген.

Блогер бұл келіссөздердің артында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров, ал министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов осы схеманың негізгі лоббисі болып табылады деп мәлімдеген болатын.

Бұған жауап ретінде Садыр Жапаров бес минуттық видео үндеу түсіріп, Ахметованың сөздерінің жалған екенін айтты. Президенттің айтуынша, «елді тұрақсыздандыруды қалайтын сыртқы күштер көп».

Қырғызстан президентінің айтуынша, «елде экономикамызға пайда әкелетін жобалар бастала салысымен, сыртқы күштер күтпеген жерден пайда болады».

Ол 2019 жылы Ат-Башыда болған оқиғаны мысалға келтірді: Жапаровтың айтуынша, сол кезде кейбір инвесторлар логистикалық орталық салғысы келіп, 280 миллион доллар құймақ болған, бірақ Анастасия Ахметова секілді адамдар жергілікті тұрғындарды алдап, қарсылық көрсетулерін сұраған. Жапаров «кейін жергілікті тұрғындар орталықтың салынбағанына өкінгенін» айтады.

"Қазір де солай болып жатыр. Осыған байланысты, құрметті жерлестер, ақ пен қараны, дос пен жаудан айыруларыңызды сұраймын. Қазір интернеттегі әрбір ақпаратты тексеру керек. Сенудің қажеті жоқ. Біздің ісімізге ешкім араласпауын қадағалау керек», - деді Жапаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар