Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біздің де басымыздан сондай кезеңдер өткен. Мүмкіндікті сәтті пайдаланған өзбектер үшін қуануымыз керек" - Ермахан Ыбрайымов

16:54, 14 тамыз 2024 220

Қазақ боксшысы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбрайымов көпшілікке өзбек боксінің дәуірлеп тұрғанын айтып,олардың спортты дамытудағы мүмкіндікті сәтті пайдалана алғаны үшін қуанумыз керек екендін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбрайымов көпшілікке ой тастап, Өзбекстанның жетістігі үшін қуануға шақырды. 

Бір цикл ғана бойынша Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді. Ұзақ жылдар бойы жеткен жетістіктерге де қарау керек. Қазақстанда қазір ізбасарлар сабақтастығы белсенді алмасып, жаңа есімдер пайда болуда. Бұл біздің болашақ чемпиондарымыздың тәжірибе жинақтап, іріктелер кезеңі. Лос-Анджелесте талай жеңістерге қол жеткізетіміз сөзсіз. Қазір Өзбекстанда олипиадалық шыңырау шегі. Барлық айтулы спортшылар екінші мәрте әртүрлі спорт түрлері бойынша аренада. Біздің де басымыздан сондай кезеңдер өткен. Көршілеріміз жеткен жетістіктері үшін, спортты дамытуда мүмкіндікті сәтті пайдалана алғаны үшін қуанумыз керек. Әлем бір қалыпта дамымайды – бұл қалыптасқан заңдылық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар