Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізді үлкен құштарлық табыстырады". Актер Олжас Адай Дариға Бадыковамен қарым-қатынасы туралы айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті

13:07, 19 ақпан 2026

Актер Олжас Адай жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап беріп, актриса Дариға Бадыковамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді деп жазады Alash.KZ.

Өнер иесі «Время» газетіне берген сұхбатында жеке өмірін көпшілікке жария етпеуге тырысатынын айтқанымен, кейбір жайттарды жасырмады. Оның сөзінше, Дариға өмірінде ерекше орын алады.

«Өмірімде он жылдық үзіліс болды. Алға жылжи алмадым, жігер жетпеді. Тіпті кейде өзімді артист екенімді ұмытып кететінмін. Сол сәтте Құдай маған Дариғаны жолықтырғандай болды. Әрдайым айта бермеймін, бірақ іштей оған ризамын», — деді актер.

Ол екеуінің мінезі ұқсас екенін де мойындады.

«Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер. Кейде түске дейін жиырма рет ренжісеміз, кейде күні бойы сөйлеспей қоямыз. Бірақ бізді ортақ шығармашылыққа деген үлкен құштарлық табыстырады», — деді ол.

Соңғы екі жылда бір-бірін тереңірек танып, өмірлік мақсаттарын айқындағанын айтқан актер бірге демалғандарын да жасырмады. Журналист Мальдив аралдарындағы демалыс жайлы сұрағанда, Олжас күлімсіреп:

«Иә, бірге демалдық. Төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз», — деп жауап берген.

Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сұраққа нақты жауап қатпай:

«Жеке өмір тақырыбын осы жерден тоқтатайық. Кім не көрді — өзі сараласын», — деп қысқа қайырды.

Актердің айтуынша, екеуі жеке өмірді жария етпеу туралы өзара келісімге келген.

«Қарым-қатынас бар ма, жоқ па — оны ашық айтпаймыз деп шештік. Егер бәрін жайып салсақ, адамдардың қызығушылығы да басылады», — деді Олжас Адай.

Еске сала кетелік, танымал продюсер Дариға Бадықова жетекшілік ететін Badykova Production компаниясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялағанын жазғанбыз.

Жазбада 26 наурыздан бастап «Таптым-ау сені 3» көркем фильмінің көрерменге жол тартатыны хабарланған. Анонстың басты бетінде фильмнің негізгі кейіпкерлерін сомдайтын Олжас Абай мен Дариға Бадықованың фотосуреттері орналастырылған.

Компания өкілдерінің мәліметінше, фильм алдыңғы бөлімдерде көрерменге ұнаған кейіпкерлердің оқиғасын жалғастырады. Сондай-ақ көрермендерді жаңа сюжет пен тосын сәттер күтіп тұрғаны айтылған.

«Көптен күткен жаңалық. “Таптым-ау сені 3” 26 наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетіледі. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады», – делінген жазбада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар