Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біз хайп дәуірінде өмір сүріп жатырмыз": Министр ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек туралы айтты

17:43, 06 тамыз 2024 590

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиевке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сілтеп.

Үкімет отырысынан соң министрге "Биыл ҰБТ-да 1 балл жинаған түлек (Ерасыл Уәлиев) бәріміздің есімізде шығар. Сіздің ойыңызша, ол өзінің әрекеті арқылы ұлттық бірыңғай тестілеудің беделіне нұқсан келтірген жоқ па? Себебі, оны бірнеше шетелдік университет тегін оқуға шақырды. Бүгінде ҰБТ керек пе? Мәселеге пікіріңізді білдірсеңіз?" деген сұрақ қойылды.

Саясат Нұрбектің айтуынша, түлек тестілеуді 2 рет тапсырған.

"Біз хайп дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мұнда адам өзінің келбеті арқылы немесе ерекше шешім қабылдап, әрекет ету арқылы басқалардан ерекшеленгісі келеді. Ашығын айтсақ, бұл талапкер ҰБТ-ны 2 рет тапсырды. Бірінші рет 94 балл жинады, ал екінші рет келгенде Ұлттық тестілеу оралығында 4 минут отырып, кетіп қалды. Менің ойымша, бұл оның алдын ала ойластырған жоспары болуға тиіс", - деді министр.

Ведомство басшысы Ерасыл Уәлиевтің әрекетіне баға бере алмайтынын атап өтті.

"Мен осы бір адамның актісі, акциясы ҰБТ беделін түсіруге бағытталды ма, маған ҰБТ керек емес, мен елден ерекше адаммын деп өзін көрсеткісі келді ме? Әрекетіне баға бере алмаймын. Бұл басқа балаларға үлгі болатын әрекет емес. Биыл мектеп бітірген 188 мыңнан аса түлек үшін (ҰБТ) жоғары білім алудың құралы. Олар (ҰБТ тасырып) мемлекеттен грант алып, жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, жоспарын іске асыруға кіріседі.
Сондықтан ол әрекеті арқылы өз позициясын көрсетті. Елімізде Конституция бойынша сөз бостандығы бар", - деді Саясат Нұрбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар