Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз үшін - экскурсия. Иран үшін - соғыс»: Трамп әлем халқы күтпеген мәлімдеме жасады

12:33, 04 сәуір 2026

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, Иран тарапы дипломатиялық келіссөздерден үзілді-кесілді бас тартты, деп жазады Alash.kz. 

Қазіргі уақытта Тегеран оқ-дәрі қорын жедел толықтырып, белсенді әскери қимылдарды жалғастыруда. Соңғы қақтығыстар барысында АҚШ әскери-әуе күштері айтарлықтай шығынға ұшырап, техникаларынан айырылды. Қос тарап арасындағы текетірес жаңа сипат алып, аймақтағы жағдай күрделене түсті.

Кешегі ұрыс қимылдары кезінде Иран қорғаныс күштері Американың екі истребителін атып түсіргені белгілі болды. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған ұшқышты құтқаруға келген әскери тікұшаққа да зақым келген. Қазіргі сәтте екінші ұшқышты табу мақсатында екі елдің де іздестіру топтары жұмыс істеп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Independent басылымына берген сұхбатында қалыптасқан жағдайға қатысты өз ойын білдірді. Тілшілердің америкалық ұшқыштың тұтқынға түсу ықтималдығы туралы сауалына ол:

«Мен бұған жауап бере алмаймын, өйткені мұндай жағдай орын алмайды деп үміттенемін», — деп жауап қайтарды.

Трамп бұл операцияны АҚШ үшін «экскурсия» деп атаса, Иран үшін бұл нағыз соғыс екенін атап өтті.

Ол өз сөзінде: «АҚШ үшін бұл — экскурсия, ал Иран үшін — соғыс», — деп кесіп айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026