Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз мыңбыз» - ақтаулық қыздар қазақша сөйлейтін орыстардың көп екенін айтты (ВИДЕО)

13:04, 19 ақпан 2026

Әлеуметтік желіде қазақша еркін сөйлеген екі орыс қызының видеосы қызу талқыланды. Бейнежазбада олар қазақ қоғамы өздерін «өзіміздің орыстар» деп жылы қабылдайтынын айтады, деп жазады Alash.KZ.

Қыздардың сөзінше, ешкім оларды ұлтына қарап бөлмейді, керісінше қазақ тілінде еркін сөйлеп, салт-дәстүрге құрмет көрсеткені үшін ерекше ықылас танытады.

Олардың айтуынша, қазақшаға судай, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін жандарды халық жатсынбай, бауырына тартады. Бұл – тілдің тек қатынас құралы ғана емес, адамдарды жақындастыратын рухани көпір екенін аңғартады.

Аталған видео көпшіліктің көңілін жылытып, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірліктің көрінісі ретінде бағаланып жатыр. Тілге деген құрметтің ұлтқа бөлінбейтіні, ортақ құндылықтарға негізделген сыйластықтың әрдайым жоғары тұратыны тағы бір мәрте дәлелденді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар