Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біз мұнайды сата алмасақ, басқалар да сатпайды!: Иран Трамптың сөзіне жауап қайтарды

10:16, 23 шілде 2026

Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Ғалибаф елге мұнай экспорттауға мүмкіндік берілмесе, өңірдегі ешбір мемлекет те мұнай сата алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ALASH.KZ хабарлайды. 

Ғалибаф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында:

«Егер біз мұнай сата алмайтын жағдайда болсақ, онда бұл өңірде ешкім де мұнай сатпайды. Егер біздің қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілмесе, өңірдегі бірде-бір инфрақұрылым нысаны қауіпсіз болмайды», – деп жазды.

Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қол жеткізудің басты шарты – АҚШ әскери күштерінің өңірден кетуі. Ғалибаф қазіргі қақтығыстың мәнін «не бәрі, не ешкім» қағидасымен сипаттады.

Сонымен қатар, Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ тарапынан қандай да бір агрессия жасалса немесе Иранның инфрақұрылымына соққы берілсе, Тегеран оған «батыл әрі қуатты жауап» қайтаратынын мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты қоқан-лоқы сипатындағы сөздерінен кейін жасалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар