АҚШ әскері Сириядағы Ислам мемлекеті террористік ұйымына қарсы ірі операция жүргізді. Соңғы шабуыл екі америкалық әскери қызметкер мен азаматтық аудармашының Пальмира ауданында қаза болуына жауап ретінде жасалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Операция Hawkeye Strike деп аталып, оның аясында ұшақтар, тікұшақтар және артиллерия арқылы 70-тен астам нысанға соққы жасалды. Бұл нысандарға лагерьлер, инфрақұрылым және қару қоймалары кірді.
АҚШ Қорғаныс Министрі Пит Хегсет:
“Бүгін біз жауларымыздың ізіне түсіп, түбәне жеттік! Жойдық. Көпшілігін. Біз бұл әрекеттерді жалғастырамыз”, – деді.
Дәл қанша содыр қаза тапқаны жарияланбады.
Сириядағы адам құқықтары обсерваториясының мәліметіне сүйенсек, соңғы шабуылдар барысында ИГ командирінің бірі мен бірнеше содыр жойылды. Топ 2019 жылдан бері ресми түрде жеңілген болып есептелсе де, оның ұялары әлі де Сирия мен Иракта белсенді.