Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бітімнен бас тартып, адам өлтіру жолын таңдады!: Зеленский Путин жасаған соққыдан 27 адам қаза тапқанын айтты

22:01, 19 маусым 2025 1029

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтегі тұрғын үйге жасалған Ресей соққысы салдарынан қаза тапқандардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Украина көшбасшысы 17 маусым күні Ресей ракетасы тиген тоғыз қабатты тұрғын үйдің қираған орнында гүл шоқтарын қойды. Құлаған кіреберістің астынан 23 адамның мәйіті шығарылды.

Билік мәліметінше, сол түні Ресей күштерінің Украина астанасына жасаған шабуылы салдарынан барлығы 28 адам қаза тапқан.

«Бұл — бүкіл әлемге Ресейдің бітімге келуден бас тартып, кісі өлтіру жолын таңдағанын еске салу», — деді Зеленский.

«Украинаның күн сайын күшейіп отыруы қажет екенін түсінетін барлық серіктестерімізге алғыс айтамын. Мәскеуге соғыстың нақты құнын сезіндіре алатын барлық елдерге ризамын», — деп қосты ол.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Киевтегі тұрғын үйге жасалған соққыға қатысты пікір білдіріп, «соққы тұрғын үйлерге емес, әскери техника шығаратын қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің нысандарына бағытталған» деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар