Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бішкекте шетелдіктердің жергіліктілерді ұрып-cоғуының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

10:17, 18 мамыр 2024 881

Бішкекте,13 мамыр күнінің кешінде, шағын қонақ үйде аялдаушылардың арасындағы төбелестен басталған шиеленіс ширығып, жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікпен түйінделді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан  хостел маңында жаппай төбелес болған. Аймақта көбінде шетелдіктер тұратыны хабарланды. Төбелеске қатысқандар арасында үш шетелдік бар.

KAZINFORM  таратқан ақпаратқа сенсек, шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. 

Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.  

Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден «кек алып, сазайын беруге» кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған. 

Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады. 

Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. 

Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды.

Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.

Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстауда. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар