Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бірыңғай мектеп формасы болады”: Оқу-ағарту министрі маңызды бастама көтерді

22:42, 24 маусым 2026

«Келешек мектептерінде» бірыңғай мектеп формасы болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

«Келешек мектептерінің» бірыңғай формасы болады. Форма оқушыларға білімге, ғылымға ұмтылуға, «Келешек мектептерінде» оқығанын мақтанышпен көрсететін үлкен символикалық мәні бар форма болады деп санаймын»,- деді министр Астана қаласындағы №100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар