Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бірқатар өзгеріс… Тыйым саламыз!”: Жұлдыз Сүлейменова қуанышты жаңалығын бөлісті

13:00, 27 мамыр 2026

Мұғалімдерге өздері сабақ беретін оқушыларға репетитор бола алмайды. Бұл жөнінде брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Оқу-ағарту министрлігі «Білім туралы» заңға репетиторлыққа қатысты түзетулер әзірлеп жатыр.

"Мектептегі біліммен де (ҰБТ-дан) жоғары балл алып жатқан балаларды білеміз. Оқу-ағарту министрлігі репетиторлық нарыққа байланысты "Білім туралы" заңға бірқатар өзгерістерді әзірлеп бастады. Оның ішінде репетиторлық орталықтардың жұмысы, салығы, балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілігіне қатысты. Мектептегі мұғалім өзінің сабақ беретін оқушысына қаржыға қосымша репетиторлық өткізетін болса, біз бұған тыйым салатын боламыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, мұғалімдер балаға сабақ бергені үшін айлық алып отыр. 

"Менің ойымша, бұл – этикалық мәселе. Нақты шектеу қою мәселесін талқылайтын боламыз. Мемлекет балаға қаражат бөліп жатыр, оған сапалы білім беру – мұғалімнің қаржысы төленген миссиясы. Бұл мәселені мұғалімдер шектеуге жеткізбей-ақ түсінеді деп ойлаймын", – деді министр.

Ведомство басшысы репетиторлық орталықтар, жалпы білім беру орталықтары интеллектуалды бизнес екенін еске салды. 

"Бұған қатысты нақты шектеу заңда қарастырылмаған. Биыл бірқатар резонансты оқиғалар болды. Ата-аналардан ақша алып, қызмет көрсетпеген жағдайлар тіркелді. Сол кезде ата-аналар бізге жүгінген болатын", – деді ведомство басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар