Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірқатар айыппұлдар кешіріледі». Маңызды! Әділет министрлігі тың бастама көтерді

14:22, 19 наурыз 2026

Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының өтелмеген әкімшілік айыппұлдарын толық немесе ішінара кешіру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл ауқымды акция аясында қазіргі таңда мемлекеттік органдар жеңілдік жасалатын құқық бұзушылық санаттары мен нақты сомаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігіне айыппұлдарды кешірудің құқықтық тетіктерін егжей-тегжейлі әзірлеу тапсырылды. Мамандар қай заң бұзушылықтардың амнистияға ілігетінін және қандай сомалардың жойылатынын нақтылауда. Бұл шара халықтың әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, Үкімет ауыр емес қылмыстардың бірқатары бойынша рақымшылық жасау мәселесін де қатар қарастыруда. Алайда бұл жеңілдік бұрын сотталған рецидивистер мен қоғамға аса қауіпті қылмыскерлерге қатысты қолданылмайды. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық тиісті ұсыныстарды екі апта мерзім ішінде дайындауды міндеттеді.

Мәжіліс депутаттары аталған бастаманы заңнамалық тұрғыда бекітуге дайын екендіктерін білдірді. Заң жобасы Парламенттің осы сессиясының соңына дейін қабылданады деп күтілуде. Айыппұлдарды кешіру және амнистия жариялаудың нақты ережелері алдағы уақытта ресми түрде жарияланатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар