Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бірнеше бар мен түнгі клуб жабылды". Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жинаған ойын-cауық орындары тексерілді

18:56, 06 маусым 2026

Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері бірнеше бар мен түнгі клубта кәмелетке толмағандардың заңсыз жүргенін анықтады, деп хабарлайды  Alash.kz.

Тексеру кезінде жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз ойын-сауық орындарында болғаны және алкогольдік ішімдік тұтынғаны белгілі болған.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты мекеме иелері мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен бірнеше бар мен клубтың қызметі алты ай мерзімге тоқтатылды.

Сонымен қатар, балаларына тиісті бақылау жасамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары да жауапкершілікке тартылған.

Сот мейрамхана кешендерінің біріне қатысты да жеке шешім шығарды. Заңды тұлға құқық бұзушылықтарға жол ашқан жағдайларды жоймағаны үшін кінәлі деп танылып, оның жұмысы да алты айға тоқтатылды.

Полиция өкілдері мұндай профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар