Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің Солтүстік Кореяға сапарлайтынын хабарлады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС-қа мәлімдеді, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.
"Сапарға дайындық жүріп жатыр", - деді Песков. Алайда ол сапар хақында егжей-тегжейлі тіс жарып ештеңе айтқан жоқ.
2023 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге барды. Путинді арнайылап КХДР-ға шақырды. Содан кейін Песков Президенттің шақыруды "ризашылықпен" қабылдағанын хабарлады. 2024 жылдың қаңтарында ол Путиннің Солтүстік Кореяға сапары жақын арада болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Путин соңғы рет 2000 жылы Солтүстік Кореяда болды, содан кейін Пхеньянда ол Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ирмен әкездесті. Келіссөздер қорытындысы бойынша қос мемлекет басшылары Ресейге немесе КХДР-ға қатысты агрессия қаупі туындаған жағдайда "бір-бірімен дереу байланысқа түсуге" уағдаласты.