Біріккен Араб Әмірліктері билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы WAM агенттігі хабарлады, деп жазды Alash.kz.
Мәліметке сәйкес, шешім жедел жағдай мен қауіпсіздік талаптарына жан-жақты талдау жүргізілгеннен кейін қабылданған.
БАӘ Азаматтық авиацияның бас басқармасы бұл қадам тиісті мемлекеттік органдармен келісім негізінде жүзеге асқанын мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда елдің әуе кеңістігін пайдалану қалыпты режимге қайта оралып, рейстердің орындалуына бұрынғы шектеулер қолданылмайды.