Академик Асқар Жұмаділдаев ел оқушыларына спортшыларға көрсетілгендей құрмет жоқ екендігін айтып налыды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы академик “Ой-лайық” Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Кеше бір чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған көлік береді. Жүз жылқы мен түйені де, бәрін береді. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістікке біздің балаларымыз да жетіп жатыр. Жыл сайын математикадан қаншама орын ұтып алып жатыр. Неге соларға тым құрығанда бір велосипед бермейді? Нағыз бай адам болса, осындай ұсыныспен шығуы керек қой. Әйтпесе жаңағы спортшыға үкіметі де, басқасы да үйіп-төгіп бере береді. Кейін сол допинг боп шықса, ешкім сыйлықты қайтарып та бермейді", - деді ол.