Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Біреу айдап салып отырған сияқты…”: Атыраудағы трагедияға қатысты күдіктінің анасы жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

15:39, 15 ақпан 2026

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа деректер жарияланды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Елді алаңдатқан оқиға жайлы арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай Атырауға барып, күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан сұхбат алды.

"Мен бұған сенбеймін. Балам ондай жауыздыққа бармайды. Туыстарымыз да, жақындарымыз да сенбейді. Біреу айдап салып отырған сияқты. Ортада біреулер бар секілді. Негізі ондай бала емес. Темекі де шекпейді, ішімдік те ішпейді", – деді күдіктінің анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар