Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір уақытта 150-ге жуық зымыран ұшырған»: Израильге бұрын болмаған сұмдық шабуыл жасалды

10:51, 12 наурыз 2026

Таяу Шығыстағы ахуал шиеленісіп барады. 11 наурыз күні кешкісін Израильдің солтүстік және орталық аймақтарына соңғы уақыттағы ең ірі зымыран соққылары жасалды, ал осы оқиғалар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Тегеранның әрекеттерін айыптап, арнайы қарар қабылдады, деп жазады Alash.kz.

Израиль армиясының мәліметі бойынша, Ливан аумағындағы «Хезболлах» қозғалысы бір уақытта 150-ге жуық зымыран ұшырған. Қозғалыс өкілдері бұл шабуылдың негізгі нысанасы Израильдің әскери инфрақұрылымы мен Ливан шекарасына жақын орналасқан елді мекендер болғанын растады.

Осы оқиғадан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның Парсы шығанағы елдеріне жасап жатқан шабуылдарын дереу тоқтатуды талап ететін құжатты мақұлдады. Дауыс беру нәтижесінде 15 мүше мемлекеттің 13-і қарарды қолдап дауыс берді. Құжатта Иранның әрекеттері халықаралық құқықты бұзып қана қоймай, жаһандық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретіні ерекше атап көрсетілген.

Дегенмен, қабылданған резолюцияда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан әскери операциялары туралы ешқандай мәлімет қамтылмаған. Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтың аталған қақтығысқа қатысты ұстанымындағы қайшылықтарды көрсетеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар