Блогер Фариза Төреәлінің атын жамылған алаяқтар халықты алдауда, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Фариза Төреәлі өзінің инстаграм парақшасына оқырмандары жазып жатқанын айтты.
Олар Фаризаның атын жамылып алған алаяқтардың халықтан ақша жинап жүргенін хабарлаған.
"Сенбеңіздерші! Мен ешқашан жеңімпаздардан бір тиын алған емеспін! Ойын ойнатпаймын, ақша табуды үйретпеймін. Барлық инфо тек менің парақшамда. Қолым тимей жүр, қолға аламыз алаяқтарды", - деп мәлімдеме жасады блогер әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.