АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысты келіссөздердің нәтижесін оң бағалады. Оның айтуынша, америкалық делегация бұл мәселе бойынша «өте жақсы» келіссөздер өткізген, деп жазды Alash.kz.
7 ақпан, сенбі күні Дональд Трамп Ресей мен Украинаға қатысты келіссөздер барысында маңызды өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің YouTube арнасында жарияланған бейнежазбада айтылды.
«Бүгін Ресей мен Украина мәселесі бойынша өте жақсы, тіпті өте-өте жақсы келіссөздер өтті. Алдағы уақытта белгілі бір оқиғалар орын алуы мүмкін», — деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, 5 ақпанда Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздердің екінші кезеңі аяқталған болатын.